2024 конкурс туралы ақпарат

Е.Серкебаев атындағы үшінші Облыстық жас вокалистер байқауы 2024 жылы 11 қарашада вокалистер арасында ән мәдениетінің үздік дәстүрлерін сақтау, қолдау және дамыту мақсатында өтті. Байқаудың міндеттері: жас таланттарды анықтау және қолдау және орындаушылық шеберліктерін дамыту; оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру; балалармен және жастармен вокал саласында нәтижелі еңбек ететін мұғалімдердің кәсіби өсуіне ықпал ету."Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі - өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп - интернат" кешені" КММ қонақтар – жас және дарынды вокалистерді, жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беру мекемелерінің оқушыларын қабылдады.

Байқау балалардың көркемдік шығармашылығын дамыту, дарынды балаларды анықтау және қолдау, ұлттық ән мәдениетінің дәстүрлерінің сабақтастығын сақтау, патриоттық сезім мен өз Отанына, оның мәдениеті мен өнеріне, әсемдігі мен байлығына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында өткізілді,туған елінің табиғатын, сонымен қатар репертуардың көркемдік деңгейі мен қатысушылардың орындаушылық шеберлігін арттыру.Байқау күні байқау жеңімпаздары атанған жас таланттар,байқау жеңімпаздары кешен сахнасында өз мүмкіндіктерін көрсете алды.

Биылғы жылы 14 жалпы білім беретін мекемелер қатысты, атап айтқанда «Абай атындағы мамандандырылған қазақ гимназиясы, Айыртау ауданы «Қосымша білім беру орталығы»МҚКК, Саумалкөл ауылы, «Мерей» өнер мектебі (Қызылжар ауданы), Мамлют өнер мектебі (Мамлют ауданы), «Серпер» өнер мектебі МКҚК (Ақжар ауданы, Талшық ауылы), «8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп- кешені»КММ ,«№ 23, №27 жалпы білім беретін орта мектеп, «ShinShineSunshine» вокалдық студиясы, Өнер колледжі жанындағы педагогикалық практика сыныбы, «Тайынша балалар өнер мектебі» МКҚК, «Жас дарын» өнер мектебі, Ескендір Даутов атындағы Петропавл қ «Қызмет көрсету колледжі саласы» КММ, «Бірінші гимназия» КММ.

43 адам қатысты: Домбрамен ән салу– 12 адам, Академиялық ән салу – 6 адам, Эстрадалық ән салу– 25 адам.

Номинация бойынша 86 вокалдық нөмерлер көрсетілді:

-Академиялық ән салу;

- Эстрадалық ән салу;

- Дәстүрлі ән салу;

Қазылар алқасы:

Қазылар төрайымы: Кешен директоры Кашенева Р.А.

Кешеннің дәстүрлі ән салу оқытушылары, халықаралық байқау лауреаттары: Айтбаев Ж.Х., Есжанов Б.С., Алпысбай Е.Н.

Академиялық ән салу оқытушылары, - Нуриахметов А.Н., халықаралық байқау лауреаты: Таушева Д.Б.

Эстрадалық ән салу оқытушысы, халықаралық байқау лауреаты: Тлеубай А.Б., өнер колледжі «Ән салу» бөлімінің меңгерушісі,халықаралық байқау лауреаты – Стадухина Ю.В., кешен оқытушысы – Мустафин Р.С.

Құзыретті қазылар алқасының жұмысының қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

Гран –При (дәстүрлі ән салу) - Серік Мадина, Абай атындағы қазақ мектеп-гимназиясы"Өнер орталығы, жетекші- Рамазанов А.Б.

Академиялық ән салу (Орта топ)

Мукашева Азалия – 1 орын. «8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп- кешені» КММ, педагог: Журавлева Татьяна Михайловна, концертмейстер: Недзельская Ирина Владимировна.

Иванова Полина – 2 орын. «8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп- кешені»КММ ,педагог: Журавлева Татьяна Михайловна, концертмейстер: Недзельская Ирина Владимировна.

Сайдахметов Дидар - 3 орын. «8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп- кешені»КММ ,педагог: Журавлева Татьяна Михайловна, концертмейстер: Недзельская Ирина Владимировна.

Эстрадалық ән салу (Орта топ)

Әуесқой (орта топ):

Жумабаева Мариям – 1 орын. «Қосымша білім беру орталығы»МКҚК Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, педагог: Жуматаева Гуляим Канатовна.

Сироткина Ника - 2 орын. «№27 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ, педагог: Нугуманова Меруерт Жанабаевна.

Козлова Анна – 2 орын. «ShinShineSunshine» вокал студиясы педагог: Шин Алена Алиевна.

Жумабай Инкар – 3 орын. «Қосымша білім беру орталығы»МКҚК Айыртау ауданы,Саумалкөл селосы, педагог: Сейтахметова Асель Жексембаевна.

Дермановская Мария – 3 орын. «Тайынша балалар өнер мектебі» МКҚК, педагог: Шакерхан Жандос.

Кәсіби (орта топ):

Таласбай Әдия – 3 орын. «Тайынша балалар өнер мектебі»МКҚК, педагог: Шакерхан Жандос.

Аскарбек Санжар – 3 орын. «Жас дарын» өнер мектебі МКҚК, Петропавл қ, педагог: Поединок Ульяна Павловна.

Эстрадалық ән салу (Жоғарғы топ)

Әуесқой (жоғарғы топ):

Ермоленко Марьяна – 1 орын. «Бірінші гимназия» КММ Петропавл қ, педагог: Мироедова Елена Юрьевна.

Диханов Глеб - 2 орын. «№27 жалпы білім беретін орта мектеп»КММ, педагог: Нугуманова Меруерт Жанабаевна.

Исатаева Айдана – 3 орын. «Искандер Даутов атындағы Петропавл қ қызмет көрсету колледж саласы» КММ, педагог: Демидова Ксения Григорьевна.

Кәсіби (жоғарғы топ):

Малышева Полина – 2 орын. «Жас дарын» өнер мектебі МКҚК, Петропавл қ, педагог: Поединок Ульяна Павловна.

Белоусько Анастасия -3 орын. «Мамлют өнер мектебі»МКҚК, педагог: Давыдова Лариса Владимировна.

Дәстүрлі ән айту (Орта топ)

Екпешұлы Мансұр – 1 орын. Ақжар ауданы, Талшық ауылы, «Серпер» өнер мектебі, педагог: Мейрамгуль Здуалиева.

Тұрсынбай Гаухар – 2 орын. Ақжар ауданы, Талшық ауылы, «Серпер» өнер мектебі, педагог: Мейрамгуль Здуалиева.

Қалымтай Айбота – 2 орын. Айыртау ауданы, педагог: «Қосымша білім беру орталығы» МКҚК .Алибеков Диас Сабитович.

Аяған Арсен – 3 орын. "Мерей"Өнер мектебі МКҚК, педагог: Карыпов Еркебұлан Төлегенұлы.

Мұрат Ернұр – 3 орын . «Мамлют өнер мектебі» МКҚК, педагог: Каражуманов Каиргельды Муратович.

Нагиметова Ділназ – 3 орын. Абай атындағы мамандандырылған Қазақ мектеп-гимназиясы, «Өнер» орталығының дәстүрлі ән сыныбының оқушылары, педагог: Рамазанов Амангелді Бекайдарұлы.

Дүйсен Ернар – 3 орын. Абай атындағы мамандандырылған Қазақ мектеп-гимназиясы, «Өнер» орталығының дәстүрлі ән сыныбының оқушылары, педагог: Рамазанов Амангелді Бекайдарұлы.

Қалған қатысушылар байқаудың жеңімпаздары атанды.

Жалпы, байқау қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін көрсетті, оған лауреаттар саны дәлел. Орындалған бағдарламалар жанрлар мен формалардың алуандығын көрсетті.Оқытушылардың еңбегін ерекше атап өтеуге болады: «Жас дарын» өнер мектебі» МКҚК – Поединок У.П., «8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп- кешені»КММ – Журавлева Т.М.

Аудандық оқушылар жолдың алыстығына қарамастан, өнер көрсеткендері бізді қуантты.

Мұғалімдер өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, жекелеген сайыскерлер мамандардың кеңестерін алды. Қорытындылай келе, қазылар алқасының мүшелері өздерінің шығармашылық жұмыстарына, балалардың дауысының ерекшелігі мен қабілетіне ұқыптылықпен қарағандарына ризашылықтарын білдіріп, барлығына шығармашылық өсу мен орындаушылық шеберліктерін шыңдау тіледі.

Қазылар алқасының қорытынды отырысында байқауды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар тыңдалды. Отырысқа қатысушылардың басым бөлігі конкурстық тыңдауларға облыстан оқушыларды көбірек тарту қажеттігі туралы ортақ пікірге келіп, жас вокалистерді тәрбиелеуде алдағы уақытта ынтымақтастыққа үміт білдірді.

https://www.youtube.com/shorts/dRlooeSxxRA



Текст
Виртуальная приемная